Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты

«Осы қиындықты еңсеріп алайықшы»: Депутат халыққа уәде берді (ВИДЕО)

«Осы қиындықты еңсеріп алайықшы»: Депутат халыққа уәде берді (ВИДЕО)

Фото: sn.kz

Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шегіп жатқан өңірлерді аралады. Су басқан аймақтарды өз көзімен көрді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға уақытша паналауға арналған вагондар жеткізіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мақсат Толыбай жазды.

«Су басқан аймақтарға барып, тұрғындардың айтқан өтініш, қойған талаптарын шетінен орындатып жатырмыз. Мәжілістің төрінде отырып, мәселені көтеріп қана қоя салған жоқпыз. Жағдай өте қиын. Елдің елдігі осындай сын сағатта көрінеді. Ең бастысы – халқымыздың амандығы. Осы қиындықты еңсеріп алайықшы! Нақты, үлкен өзгерістерді талап ететін мәселе көп. Уәде беремін, үнсіз қалмаспыз», – деп жазды депутат Instagram парақшасында.

Ал Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев аймақтардағы ахуалдың қиын екенін айтты. Ол қазіргідей қиын кезде жұмыла көтерген жүк жеңіл деп есептейді.

«Апатпен бетпе-бет қалған бауырларыма амандық тілеймін. Қарғын судан жапа шеккен әр отандасымызға өтемақы толық төленуі тиіс», — деп жазды ол желідегі парақшасында.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →