Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 26 шілде 2026 $ 475,4 540,8 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан СКОК консорциумының мүлкі мен көлігін тыйым салды Қазақстан Президенті Кемел Тоқаев ескерткіш тақтасына гүл шоғын қойды Көкшетауда екі жасар бала терезеден құлап кеткен Шетелдік ата-ана тәрбиесінде өскен Жәнібек анасын іздеуді жалғастыруда «Екі әйелді ұрып-соққан»: Данияр Елеусіновтің әйеліне сот үкімі шықты Президент Тоқаев Омбыға ХХІІ Қазақстан-Ресей өңіраралық форумына қатысуға келді Қазақстан СКОК консорциумының мүлкі мен көлігін тыйым салды Қазақстан Президенті Кемел Тоқаев ескерткіш тақтасына гүл шоғын қойды Көкшетауда екі жасар бала терезеден құлап кеткен Шетелдік ата-ана тәрбиесінде өскен Жәнібек анасын іздеуді жалғастыруда «Екі әйелді ұрып-соққан»: Данияр Елеусіновтің әйеліне сот үкімі шықты Президент Тоқаев Омбыға ХХІІ Қазақстан-Ресей өңіраралық форумына қатысуға келді

    Шымкент әкімдігі футзалға 772 млн, футболға 4,9 млрд теңге жұмсаған

    Шымкент әкімдігі футзалға 772 млн, футболға 4,9 млрд теңге жұмсаған

    Фото: Pixabay
    Шымкент қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы 2023 жылы спорт саласында бөлінген қаржылар туралы құжатты жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі El.kz — ке сілтеме жасап. 

    Құжат бойынша, футболдан Қазақстан чемпионы «Ордабасы» клубы былтырғы маусымда 4,9 млрд теңге жұмсаған.

    «Балалар футбол орталығына – 1,2 млрд теңге, футболдан Премьер-Лига ойындарына қатысу қызметіне – 1,2 млрд теңге, футболдан Лига конференция ойындарына қатысу қызметіне – 1,4 млрд теңге, футболдан спортшылардың жалақысы – 1,4 млрд теңге», — деп жазылған аталған құжатта.

    Бұдан бөлек, жергілікті әкімдік «Ордабасының» қарызын жабу үшін бюджеттен тағы да 2 млрд 227 миллион 500 мың теңге бөлген.

    Сондай-ақ футзалдан спорттық жарыстарға қатысу қызметіне — 772 млн теңге. Теннистен спорттық жарыстарға қатысу қызметіне — 72,4 млн теңге. Су спорты қызметтеріне – 261,5 млн теңге. Спорт ғимараттарын жалға алу – 568,4 млн теңге.

    «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу («Оңтүстік» футбол Академиясы, «Шымкент» ойын түрлерінен спорт клубы, спортшылардың жалақысы, жататын орны, шаруашылық тауарлар, ағымдағы жөндеу жұмыстары,негізгі құралдарды жөндеу, жем-шөп, жанар-жағармай, дәрі-дәрмектер тағы басқа) – 704,6 млн теңге», — делінген құжатта.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →