Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 18 шілде 2026 $ 471,2 539,0 6,03
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрған 2 қазақстандық Түркияда ұсталды

    Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрған 2 қазақстандық Түркияда ұсталды

    [ad_1]

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесе отырып, Қазақстанның іздеуде жүрген 2 азаматын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

    ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер 3 сәуірде Ыстамбұл қаласынан Алматы қаласына этаппен жіберілген. Олар аса ірі мөлшерде алтынның контрабандасын ұйымдастырып, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрған.

    Ұсталған азаматтар тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →