Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 3 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Құсбегіліктен Қазақстан қоржынына екі медаль түсті Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды: кім қызметін сақтап, кім жаңадан тағайындалды? Алты адамның ажалы: Ақтөбе облысында екі Toyota Camry соқтығысты Көшпенділер ойындары: Көкпардан Қазақстан құрамасы Ресейді ойсырата жеңді Граната, автомат, мылтық: Қазақстанның 12 өңірінде ондаған қару-жарақ табылды Қазақстанда мемлекеттік мектеп директорларын тағайындау тәртібі өзгереді Құсбегіліктен Қазақстан қоржынына екі медаль түсті Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды: кім қызметін сақтап, кім жаңадан тағайындалды? Алты адамның ажалы: Ақтөбе облысында екі Toyota Camry соқтығысты Көшпенділер ойындары: Көкпардан Қазақстан құрамасы Ресейді ойсырата жеңді Граната, автомат, мылтық: Қазақстанның 12 өңірінде ондаған қару-жарақ табылды Қазақстанда мемлекеттік мектеп директорларын тағайындау тәртібі өзгереді

    Мемлекет басшысы Өмірбек Байгелдінің жақындарына көңіл айтты

    Мемлекет басшысы Өмірбек Байгелдінің жақындарына көңіл айтты

    Фото: Ақорда

    Президент аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Сенатының тұңғыш төрағасы, «Отан» орденінің иегері, академик Өмірбек Байгелдіұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, – деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

    «Өмірбек Байгелдіұлы егемендіктің берік іргетасын қаласқан тұғырлы тұлға, Отанымыздың дамуына қажырлы еңбек сіңірген ұлтжанды азамат болды. Қазақстан Республикасы Парламентінің қалыптасуына зор үлес қосты. Ғибратты ғұмыр иесі өзінің нағыз парасатты тұлғаға тән қадір-қасиетімен барша жұрттың сый-құрметіне бөленді. Соңына жарқын із қалдырған Өмірбек Байгелдіұлының есімі мен бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған жеделхатта.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →