Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    «Қарсылық емес, қолдау керек»: Үкімет басшысы қазақстандықтарға өтініш айтты

    «Қарсылық емес, қолдау керек»: Үкімет басшысы қазақстандықтарға өтініш айтты

    Су басып жатқан өңірлерде тұрғындар үйлерін тастап кеткісі келмейді екен. Жұмысты қиындатпай, әкімдіктің талабына бағыныңыздар. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.

    «Маған үй-жайларын тастап кеткісі келмейтін тұрғындар әрекетінің эвакуациялау жұмыстарын қиындатып жатқаны туралы айтылды. Олар су тасқынының ауыр зардаптарына сенгілері келмейді. Көріп отырғанымыздай, биыл мұндай апатты су тасқыны бұрын-соңды болмаған жерлерде де болып жатыр. Сондықтан қазақстандықтардан әкімдіктер мен арнайы қызметтердің хабарламаларына ерекше мән беріп, олардың нұсқауын орындауын сұраймын. Бұл адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Эвакуациялау – бірінші кезекте Сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан құтқарушылардың жұмысын қиындатпай, оларға қарсылық емес, керісінше, қолдау көрсету керек. Олар сіздер үшін тер төгіп жатыр. Ал адамдарды құтқару оңай жұмыс емес», — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

    Премьер-министр күштік құрылымдардың жұмысына жоғары баға берді.

    «Өкінішке қарай, Батыс Қазақстан облысында сержант Батырбек Қапсықов қызметтік міндетін атқару кезінде екі бірдей пышақ жарақатын алған. Күдікті ұсталды. Күштік құрылымдардың қызметкерлері мен құтқарушылар шын мәнінде батылдық көрсетіп жатыр. Мысалы, Ақтөбе облысында тасқын жағдайында жүкті әйелді босандырып алуға тура келді, анасы мен жаңа туған егіздерді құтқарып қалды. Осы мүмкіндікті пайдаланып, мен қазіргідей қиын жағдайда ел тұрғындарына көмек қолын созып жатқан құтқарушыларға, ұшқыштарға, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктері мен Ұлттық ұланның қызметкерлеріне, медицина қызметкерлеріне және қатардағы еріктілерге алғыс айтқым келеді», — деді Үкімет басшысы.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →