Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 6 қыркүйек 2026 $ 455,8 529,4 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тадей Погачар биылғы маусымды аяқтады: UAE Team Emirates-XRG ресми мәлімдеме жасады Кардиолог кеуде тұсының ауырсынуының себептерін түсіндірді Дастан Сатпаев «Челси» негізгі құрамына кіре алады — Ислам Чесноков Қарағанды облысында жөндеу кезінде екі теміржолшы токқа түсті Арқалық әуежайы 30 жылдан кейін жолаушыларды қабылдай бастады Қазақстан балуандарының Азия ойындарына қатысатын құрамы жарияланды Тадей Погачар биылғы маусымды аяқтады: UAE Team Emirates-XRG ресми мәлімдеме жасады Кардиолог кеуде тұсының ауырсынуының себептерін түсіндірді Дастан Сатпаев «Челси» негізгі құрамына кіре алады — Ислам Чесноков Қарағанды облысында жөндеу кезінде екі теміржолшы токқа түсті Арқалық әуежайы 30 жылдан кейін жолаушыларды қабылдай бастады Қазақстан балуандарының Азия ойындарына қатысатын құрамы жарияланды

    Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар несиесін кейін төлейді?

    Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар несиесін кейін төлейді?

    Фото: Pixabay

    Қарызы бар тізімін тұрғындардың тізімін жергілікті әкімдіктер шығарады. Бұл тізімдерге кірген азаматтарға төлемді кешіктіргені үшін айыппұл мен өсімпұл салынбайды, деп жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына сілтеме жасап.

    Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы банктер су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған жеке және заңды тұлғаларға несие бойынша борыштарын өтеу мерзімін 2024 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін кейінге қалдыруға дайын екенін растады.

    Жақын арада банктер өз сайттарында және әлеуметтік желілерде кейінге қалдырылған борышты өтеу бойынша мерзімді ұзартуды ұсынудың нақты механизмдерін түсіндіреді. Сондай-ақ өтінімдерді беру алгоритмін және одан кейінгі әрекеттерді жариялайды.

    Бүгін су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Үкіметтің, әкімдіктердің және «Қазақстан халқына» қорының қаржысын пайдалануды тапсырды.

    Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 5 млрд теңге бөледі. Бұл қаражат үй құрылысына жұмсалады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →