Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Боао Азия форумы: AIF және BFA арасында меморандумға қол қойылды

    Фото: Ақорда

    Астана халықаралық форумы мен Боао Азия форумы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Боао Азия форумының сессиясына қатысуы барысында Астана халықаралық форумы (AIF) мен BFA арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

    Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібін бірлесіп ілгерілетуге, сондай-ақ үздік әлем құру жолындағы көпжақты серіктестік пен ұжымдық жауапкершілікті нығайту жөніндегі жаһандық шараларды қолдауға ниетті.

    AIF және BFA екі диалог алаңының күш-жігерін біріктіріп, ортақ мақсатты көздейтін бірқатар іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →