Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертілді Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертілді Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды

Дауыс беру үшін Астанадан арнайы келдім —  депутат Күзиев

Депутаттар өз ауылдарына барып дауыс беріп жатыр. Белгілі кәсіпкер, меценат, Парламент мәжілісінің депутаты Зәкіржан Күзиев Жетісу облысы, Панфилов ауданындағы  тіркелген мекенжайы бойынша келіп дауыс берді. Депутат бүгінгі күннің ерекшелігіне тоқталып, 20 қарашадан бастап өзгеріс болатынын айтты.

«Өте керемет. Тұрғындар белсенді. Мен арнайы өзімнің туған жерімде дауыс беру үшін келдім. Ұйымдастыру жағы көңілімнен шықты. Қызметкерлер де, бақылаушылар өз жұмысын жақсы атқаруда. Жаркенттік жерлестерім де республикалық шараға барынша ат салысып, таңертеңнен бастап келіп жатыр. Осының барлығы менің көңілімді көншітеді», — деді депутат.

Айта кетерлігі, Зәкіржан Күзиев еңбек жолын 1990 жылы «Ремстройтехника» өндірістік бірлестігінде жұмыс істейтін 5-разрядты ағаш ұстасы ретінде бастаған. Бүгінде «Универсал» компаниялар тобы өндірісінің салалық құрылымы әртүрлі Қазақстан Республикасының қуатты өндірістік кәсіпорындарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда компаниялар тобында 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 1999 жылдан бері «Nur Otan» партиясының мүшесі. 2005 жылдан бастап «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС құрылтайшысы.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика