Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Түркістанда 29 жастағы қыз құдыққа құлап кетті

    Фото: ТЖМ

    Түркістанда 29 жастағы қыз құдықтың құбырына құлап кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Төтенше жағдайлар министрлігі қызды құтқаруға 31 адам жұмылдырылғанын айтты.

    «Бүгін сағат 09:18-де 1994 жылы туған азаматшаның Түркістан облысы Майтөбе ауылының маңындағы ашық алаңда орналасқан дренаждық құдыққа құлағаны туралы хабар келіп түсті. Сағат 12:06-да жергілікті тұрғын құдыққа түсіріліп, 12:14-те қызды құдықтан ес-түссіз күйде шығарып алды», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

    Құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдемнің, полицияның 31 адамы және 5 техникасы жұмылдырылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →