Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Альпі тауларында жоғалып кеткен шаңғышылар өлі табылды

    Фото: canva.com

    Швейцарияның Альпі тауларында жоғалып кеткен алты шаңғышының бесеуінің денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Бұл туралы Вале кантонының полициясы хабарлады.

    «9 наурыздан бері Церматт-Аролла жаяу жүру бағытында іздестіріліп жатқан алты адамның бесеуі кешке (10 наурызда) өлі күйде табылды», — делінген полиция мәлімдемесінде.

    Құрамында үш құтқарушы мен полицейден тұратын топ марқұмдардың денесін жергілікті уақыт бойынша сағат 21:20-да тапқаны атап өтілді.

    Алтыншы шаңғышыны іздеу жұмысы жалғасып жатыр.

    Айта кетсек, алты шаңғышы 9 наурыздан бері байланысқа шықпай қалған. Олар курорттық Церматт қаласынан тауға серуендеп қайтуға шыққан. Іздестіру жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындай түскен. Шаңғышылардың жоғалғаны туралы ақпарат түскеннен кейін оларды табу үшін барлық күш жұмылдырылды, соның ішінде техникалық құралдар да пайдаланылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →