Басты бет » Шымкентте 443 млн теңгенің салығын төлеуден қашқан кәсіпкер сотталып кетті

Шымкентте 443 млн теңгенің салығын төлеуден қашқан кәсіпкер сотталып кетті

Қаржылық мониторинг агенттігінің аймақтық департаменті Шымкент тұрғынының жұмыстарды нақты орындамай және қызмет көрсетпей, жалған шот-фактураларды жазып бергенін анықтады, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.

Ол қылмыстық әрекетін арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы іске асырып, салдарынан мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген.

«Сот үкімімен күдікті қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, 15 млн теңгеден астам қылмыстық табысы мен 50 млн теңгеден астам жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне айналдырылды», – делінген ҚМА хабарламасында.

 

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика