Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шығын 219 млн теңге: Шетелге демалмақ болған ақтөбеліктер туристік компанияға алданып қалды Арманға тыйым салуға бола ма? Тұрғын үй салымының құқықтық қорғанышы қалай қалыптасты Астана тұрғыны ұшақ бортында жанжал шығарып, 10 тәулікке қамалды Трамп Ираннан соғыс шығынын өтеуді талап етті Пойыздағы кондиционер ақауы: жолаушылар ыстықтан зардап шекті Ақтөбе облысында тойдан кейін 26 жастағы жігіт өлтірілді Шығын 219 млн теңге: Шетелге демалмақ болған ақтөбеліктер туристік компанияға алданып қалды Арманға тыйым салуға бола ма? Тұрғын үй салымының құқықтық қорғанышы қалай қалыптасты Астана тұрғыны ұшақ бортында жанжал шығарып, 10 тәулікке қамалды Трамп Ираннан соғыс шығынын өтеуді талап етті Пойыздағы кондиционер ақауы: жолаушылар ыстықтан зардап шекті Ақтөбе облысында тойдан кейін 26 жастағы жігіт өлтірілді

    Қарағандыда мас күйінде көлік жүргізген әкім ұсталды

    Фото: Pixabay 

    Қарағанды облысындағы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі кеңесі мас күйінде көлік жүргізген аудан әкімін жұмыстан шығаруды ұсынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

    «Қарағанды облысындағы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі кеңесі Бұқар Жырау ауданы Ғабиден Мұстафин кентінің әкімі Құсайыновқа қатысты қызметтік әдеп нормаларын бұзу бойынша істі қарады. Кент әкімін атқарып отырған мемлекеттік қызметінен босату ұсынылды», — деді Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, Қарағанды облысы бойынша «Әділдік жолы» РҚБ басшысы Рустам Танишпеков.

    Әкімнің мас күйінде көлік тізгіндегені алғашқы рет емес екені белгілі болды.

    Бұған дейін шенеунік 2018 жылы Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша қызметтік көлікті мас күйінде басқарғаны үшін қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

    Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша 2020 жылы шенеунік жүргізуші куәлігі жоқ болса да, көлік жүргізгені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бұл үшін әкімге ескерту жасалды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →