Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Алты жыл бұрын жоғалып кеткен астаналық табылды

    [Полицейлер Ақмола облысы аумағынан 6 жыл бұрын жоғалып кеткен астаналық ер адамды тапты, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, Қорғалжын аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Шалқар ауылында жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 40 жастағы елордалықты анықтаған.

    «2018 жылғы 8 шілдеде Астана полициясына ер адамның әпкесі өтінішпен жүгінген. Әйел ағасы үйден шығып кетіп, оралмағанын айтқан», — деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің өкілдері.

    Жоғалған адамды іздеуге елордалық полицейлер ғана емес, облыстық полицейлер де жұмылдырылған. Жоғалған ер адам елорда маңынан және басқа облыстардан іздестірілген. Ұзақ іздеуден кейін оған мемлекетаралық іздеу жарияланды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ер адам Қорғалжын ауданындағы жеке үйлердің бірінен табылды. Ол бұл ауданға бірнеше ай бұрын келген екен.

    «Қазір оның ұзақ уақыт болмауының себептері анықталып жатыр», — деп мәлімдеді полиция департаментінің өкілдері.

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →