Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада 27 шілдеде бірнеше мекенжайда жарық пен су өшеді «Ауылбай, колхозсыңдар»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы ауылдықтарды кемсітіп, оңбай сөз естіді Салық органдары кәсіпкерлерге жалақыны медиандық деңгейге көтеруді талап етеді «Күйеуімді бірінші орынға қойыппын»: Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды Алматы облысында өрт сөндірушілер үш газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды Каспий теңізінде жер сілкінді Астанада 27 шілдеде бірнеше мекенжайда жарық пен су өшеді «Ауылбай, колхозсыңдар»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы ауылдықтарды кемсітіп, оңбай сөз естіді Салық органдары кәсіпкерлерге жалақыны медиандық деңгейге көтеруді талап етеді «Күйеуімді бірінші орынға қойыппын»: Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды Алматы облысында өрт сөндірушілер үш газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды Каспий теңізінде жер сілкінді

    Үйлері өртеніп кеткен қостанайлықтардың жаңа қоныстарын енді су басып жатыр

    Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртінен зардап шеккендер үшін салынған жаңа үйлердің тұрғындары септиктерінің толып кеткеніне шағымданды. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

     

    «Ауа температурасы жылынып, бірнеше күнге созылған жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын салдарынан тұрғын үйлердің іргесіндегі аумақта су жиналды. Инженерлік-геологиялық зерттеулерге сәйкес, үйлердің іргетасы ылғалдан қорғалған, үйлерге су кірмейді, су басу қаупі жоқ», — деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықов.

    Үйлердің маңындағы суды сорғыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнайы техника кезекшілікке шығарылған. Қостанай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жоба бойынша септик орнату қарастырылмаған, ал уақытша тұндырғыштар мердігерлер қаражатына орнатылған.

     

    «Бірлік» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің жеке кәріз жүйесіне жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. ЖСҚ дайын болғаннан кейін құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі.

    Еске салайық, қыркүйек айында Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданында орман өртенген еді. Бірнеше күнге жалғасқан өрт салдарынан 2 091 адам эвакуацияланып, 12 тұрғын түрлі жарақат алды. Сонымен қатар, Аманқарағай ауылында 98 үй өртеніп кетті.
    Жуырда өрттен зардап шеккендердің жаңа баспанаға көшіп, қоныстойын тойлап жатқаны жайлы видео жарияланды.
     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →