Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысы: Қарғалыда 15 жылдан бері жол жөнделмей, мектеп оқушылары балшық кешуге мәжбүр Tele2 тарифі қымбаттаған, ал интернеті қайда? Тұтынушылар ашулы Жезқазғанда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар өміріне қауіп төніп тұр Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады Алматы облысы: Қарғалыда 15 жылдан бері жол жөнделмей, мектеп оқушылары балшық кешуге мәжбүр Tele2 тарифі қымбаттаған, ал интернеті қайда? Тұтынушылар ашулы Жезқазғанда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар өміріне қауіп төніп тұр Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады

    Алматыда ер адам баласының сыныптасын тұншықтырып, ұрған

    Фото: Ақмола облысы Білім басқармасы

    Әлеуметтік желіде белгісіз ер адам мектепке кіріп, сыныпта отырған біреудің кішкентай баласын ұрып-соққаны туралы ақпарат пайда болды. Осыған қатысты Алматы полициясы мен Балалардың құқықтарын қорғау комитеті пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

    Бұл туралы таяқ жеген баланың анасы өзінің Instagram –дағы парақшасында жазды.

    Айтуынша, ұлын сыныптасының әкесі ұрып-соғып, тұншықтырған.

    «Бұл мектепте үзіліс кезінде болды. Сынып жетекшісі жоқ кезде сыныпқа кіріп, қылқындырып, ұрып-соға бастаған», — делінген жазбада.

    Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, келеңсіз жағдай 2 ақпанда болған.

    «Бұл фактіні жергілікті полиция қызметінің, сондай-ақ ювеналды полиция қызметкерлері тіркеп, назарға алды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау бойынша тексеру шаралары жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады», — деп хабарлады ведомстводан.

    Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті де Алматыда болған жағдайға байланысты түсінік берді.

    «Аудандық білім бөлімінің ақпарына сәйкес директордың орынбасарына, сынып жетекшісіне, күзетшіге қатысты тиісті тәртіптік шаралар қабылданғанын хабарлаймыз. Аталған мәселе Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдің бақылауында. Бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде»,- делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →