Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Украина жеңілсе НАТО Ресеймен соғысады – АҚШ қорғаныс министрі

    U.S. Department of Defense

    АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Украина соғыста жеңілген жағдайда НАТО әскері Ресеймен соғысады деп мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі  Ulysmediaға  сілтеме жасап.

    Пентагон басшысы не деді?

    «Егер Украина жеңілсе, Путин тоқтамайды. Ол көршілерінің аумағына шабуыл жасап, басқыншы соғысын жалғастырады. Балтық елдері «келесі біз бе» деп қатты алаңдайды. Олар Путиннің кім екенін, оның не істей алатынын біледі. Шынымды айтсам, егер Украина жеңілсе, мен НАТО Ресеймен соғысады деп сенемін», – деді Ллойд Остин АҚШ конгресінің қарулы күштер комитетінің тыңдауында.

    Ресей билігінің реакциясы

    «Бұл Ресейге тікелей қауіп пе, әлде Зеленскийге сылтау айтуға тырысу ма? Екеуі де ақылсыз. Бірақ қазір бәрі агрессордың Вашингтон екенін біледі», — деді Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова.

    АҚШ қорғаныс министрінің ауруханаға жатуы

    70 жастағы Ллойд Остин 1 қаңтарда ауруханаға түскен. Бірақ бұл туралы төрт күн бойы оның міндеттерінің бір бөлігін алған Пентагон басшысының орынбасары да, Ақ үй де білмеді. Министрді ауруханаға жатқаны 5 қаңтарда ғана белгілі болды. Пентагон басшысы Ақ үйді ауруханаға жатқанын хабардар етпегені үшін кешірім сұрады.

    Дереккөз: Ulysmedia 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →