Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    20 жыл бұрын егіз балаларын жоғалтып алған ана көпшіліктен көмек сұрады

    Фото: видеодан скриншот/ instagram.com/qazradio.fm

    Бахитгүл Салдатхан есімді ана 20 жыл бұрын дүниеге әкелген егіз балаларын іздеп, «Бармысың, бауырым?» хабарына келді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Айтуынша, Мәди және Мәдина атты балалары 2004 жылы туған. Әлдекімдер оны алдап, ата-ана құқығынан айырған екен. Ал 2009 жылы балаларын өзге азаматтар асырап алып кеткенін білген, деп жазады Aikyn.kz.

    Бахитгүл Салдатхан 1992 жылы Моңғолиядан Қарағандыға көшіп келген. Сол кезде құжаттарын жоғалтып алыпты. Баланы өмірге әкелгенде жағдайы болмаған. Кейін сыртынан аналық құқығынан айыру туралы сот шешімі шыққан екен. Өзі ешқандай заң білмегендіктен осындай күйге түскенін айтып отыр.

    Балаларын көруге зар болған ана «Мәди мен Мәдинамды іздеймін. 20 жыл болды. …Екі баламды тауып беруге көмектесіңіздер», — дейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →