Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Әзербайжаннан қылмыстық топтың мүшесі экстрадицияланды (ВИДЕО)

    Әзербайжаннан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі экстрадицияланды, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі.

    Бас прокуратура Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінің көмегімен трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысқаны үшін Әзербайжаннан Түркия азаматын экстрадициялады.

    «Ол 2020 жылғы шілде мен тамыз аралығында трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында Қазақстаннан 24 келіден аса алтынды контрабандалық жолмен әкетуге қатысқан деген күдікке ілінген. Салдарынан мемлекетке 633 млн теңгеден аса шығын келген. Күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылады», — деп жазылған Бас прокуратура таратқан хабарламада.

    Қылмыс жасағаннан кейін трансұлттық ұйымдасқан топтың қатысушылар тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. 2023 жылғы шілдеде күдікті Әзербайжанда ұсталды. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктінің кінәсі сотта дәлелденсе, оның мүлкі тәркілеп, 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Айта кетейік, 2022 жылғы маусымда Астана қаласының соты аталған трансұлттық ұйымдасқан топтың 14 мүшесін соттаған еді. Олардан мемлекет пайдасына шамамен 5 млрд теңге өндірілді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →