Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Алматыдағы сапасыз салынған тұрғын үйлерге кім жауапты?

    Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин Алматыдағы сапасыз салынған тұрғын үйлерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

    «Біріншіден, құрылыс сапасына жобалаушы толық жауап береді. Құрылыстың сапалы болуы дұрыс жобалануына байланысты. Екіншіден, мұндай құрылыстар үшін белгілі бір объектілер бойынша сараптама жүргізген адамдар жауап береді. Үшіншіден, құрылысшылар да жауапты. Олар ғимаратты салғанда құрылыстың сапалы және дұрыс салынуын бақылауы керек», — деді министрдің орынбасары Сенаттың жалпы отырысынан соң.

    Сондай-ақ журналист вице-министрге «Кейбір мамандар Алматыда жер сілкісі болса да, кейбір жаңа нысандар оған шыдамауы мүмкін деген пікір айтып жатыр. Бұған түсінік бере аласыз ба?» деп сұрағын нақтылады.

    «(Соңғы жер сілкінісіне – авт.) шыдады ғой. Заң аясында тексерісті күшейту бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Оны депутаттар қолдап отыр… Қазір жағдай тұрақты», — деді Тимур Қарағойшин.

    Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы сапасыз тұрғын үйлердің тізімі жарияланды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →