Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Жетісу облысында аудандық мәслихат депутатын өлтіріп кетті

    Жетісу облысында аудандық мәслихат депутатын өлтіріп кетті, — деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

    Желіде Жетісу облысында аудандық мәслихат депутаты Дәурен Слямовтың Үшарал қаласында өлі табылғаны, бейтаныс біреу оны пышақтап кеткені туралы ақпарат тарады.

    Мұны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

    «15 қаңтар күні сағат 15:25-те Алакөл аудандық полиция бөліміне Үшарал қаласындағы тұрғызылып жатқан нысандардың бірінде ішімдік ішкен азамат жұмысшыларға тиісіп жатқаны туралы хабарлама түсті. Полицейлер күдікті 24 жастағы жергілікті тұрғынның жұмысшыларды қорғамақшы болған 34 жастағы ер адамды пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткенін анықтады», — деп хабарлады полиция.

    Қоңырау түскеннен кейін бес минут ішінде оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Алайда жәбірленуші алған жарақатынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

    Ұсталған күдікті Алакөл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

    Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →