Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қарағандының жылу желілерінде де апат болды

    Кеше кешке Қарағандыдағы жылу желілерінде апат болды. Ақау электр кернеуінің тұрақсыз болуының себебінен шыққан. Оқиғаның мән-жайын «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС айтып берді.

    «Электр кернеуінің тұрақсыз болуының себебінен Дүйсембеков көшесіндегі «Панель-Центр» жылу сорғы станциясында қысқа мерзімді тоқтатулар мен сорғы агрегаттарының өздігінен іске қосылуы болды. Қысымның күрт көтерілуі салдарынан гидросоққы пайда болып, Әшімов көшесінде ақау шықты», — деп жазылған ресми ақпаратта.

    Қазір «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС ақаудың сипатын анықтау мақсатында су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ақауды жоюға 2 апаттық бригада, 8 техника жұмылдырылды.

    Жұмыс жедел режимде жүргізіліп жатыр. Тұтынушылар жылудың нашарлатылған резиміне ауыстырылды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →