Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 15 қазан 2026 $ 448,9↓€ 503,3↑₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Латынамерика биі жүгіруден тиімдірек пе? Сарапшы пікірі • Жамбыл облысында NAVAI лақап атымен танымал шетелдік әнші есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталды • Тоби Магуайр бұрынғы әйелінің үйлену тойын өткізді • Өскеменде тұрғын үй өрті: 12 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды • «Астана» Павлодарда «Ертісті» 1:0 есебімен жеңді • Семейлік жұбайлар сыртқы ұқсастығымен желі қолданушыларын таңқалдырды • Латынамерика биі жүгіруден тиімдірек пе? Сарапшы пікірі • Жамбыл облысында NAVAI лақап атымен танымал шетелдік әнші есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталды • Тоби Магуайр бұрынғы әйелінің үйлену тойын өткізді • Өскеменде тұрғын үй өрті: 12 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды • «Астана» Павлодарда «Ертісті» 1:0 есебімен жеңді • Семейлік жұбайлар сыртқы ұқсастығымен желі қолданушыларын таңқалдырды •

    Шетелдік инвесторға кедергі келтірген салық органының қызметкері жауапқа тартылды

    Павлодар облысында салық органдары француз инвесторына кедергі келтірген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

    Бас прокуратура мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ (Task Force) бірлескен жұмысы шеңберінде 2018 жылдан бастап Павлодар мұнай-химия зауытында сутектерді өндіру жөніндегі жобаларды іске асыратын Air Liquide француз инвесторының проблемасы анықталды. Аталған француз компаниясы – өнеркәсіп, денсаулық сақтау және экология үшін газ өндіруде әлемдік көшбасшы.

    «Павлодар облысының салық органдары инвестордың атына 99,8 млн теңгеге ҚҚС және кедендік баж төлеу туралы хабарламаны заңсыз енгізген. Инвесторға импортталатын тауардың жіктелуін дұрыс анықтамаған. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 3 күн ішінде хабарлама жойылды. Жол берілген бұзушылық үшін Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды» – делінген прокуратура хабарламасында.

    Жалпы, бүгінде прокурорлар инвесторлардың 85 проблемалық кейсін шешті. Бұл жұмыс жалғасып жатыр және Бас прокуратура басшылығының ерекше бақылауында.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →