Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 15 қазан 2026 $ 448,9↓€ 503,3↑₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Өскеменде тұрғын үй өрті: 12 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды

    Өскеменде тоғыз қабатты үйдің бесінші қабатында өрт шығып, құтқарушылар 12 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.

    Өскеменде тұрғын үй өрті: 12 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды

    Сурет: t.me/qr_tjm

    Өскемен қаласында көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, құтқарушылар түтін басқан аумақтан 12 адамды эвакуациялады. Олардың сегізі – бала.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Бауыржан Момышұлы көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтерден тұтанған. Пәтер ішінде жиналған заттар мен жиһаз жанған.

    Оқиға орнына келген құтқарушылар барлау және өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді. Түтін басқан аумақтан тұрғындарды шығару үшін автосаты қолданылды.

    «ТЖМ күштері оқиға орнына жедел жетті. Барлау және өртті сөндіру жұмыстары барысында құтқарушылар автосатының көмегімен түтін басқан аймақтан 12 адамды, оның ішінде 8 баланы құтқарды», – делінген министрлік хабарламасында.

    Өрт қысқа уақыт ішінде сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    ТЖМ тұрғындарға тұрмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды еске салды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →