Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 15 қазан 2026 $ 448,9↓€ 503,3↑₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл облысында NAVAI лақап атымен танымал шетелдік әнші есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталды • Тоби Магуайр бұрынғы әйелінің үйлену тойын өткізді • Өскеменде тұрғын үй өрті: 12 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды • «Астана» Павлодарда «Ертісті» 1:0 есебімен жеңді • Семейлік жұбайлар сыртқы ұқсастығымен желі қолданушыларын таңқалдырды • «Таза Qazaqstan» эстафетасы: 474 шақырым жол жүріп, 40 тонна қоқыс жиналды • Жамбыл облысында NAVAI лақап атымен танымал шетелдік әнші есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталды • Тоби Магуайр бұрынғы әйелінің үйлену тойын өткізді • Өскеменде тұрғын үй өрті: 12 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды • «Астана» Павлодарда «Ертісті» 1:0 есебімен жеңді • Семейлік жұбайлар сыртқы ұқсастығымен желі қолданушыларын таңқалдырды • «Таза Qazaqstan» эстафетасы: 474 шақырым жол жүріп, 40 тонна қоқыс жиналды •

    Жамбыл облысында NAVAI лақап атымен танымал шетелдік әнші есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталды

    Жамбыл облысында NAVAI лақап атымен танымал шетелдік әнші есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталды. Оқиға 13 қазанда "Қордай" шекара өткізу пунктінде болған.

    Жамбыл облысында NAVAI лақап атымен танымал шетелдік әнші есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталды

    Сурет: ашық дереккөзден

    Жамбыл облысында сахналық лақап аты NAVAI ретінде танымал шетелдік орындаушы есірткі заттарының контрабандасына оқталды деген күдікпен ұсталды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 13 қазанда «Қордай» шекара өткізу пунктінде болған.

    Полиция қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстан аумағына кіріп келе жатқан шетел азаматын тоқтатқан. Ол жүрген автокөлікті тексеру кезінде есірткі заты табылып, тәркіленген.

    «Аталған дерек бойынша есірткі заттарының контрабандасына оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады полиция.

    Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, істің өзге мән-жайлары жария етілмейді. Күдіктінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен ғана анықталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →