Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    шыршаны заңсыз сатудың 400-ден аса дерегі анықталды

    Елімізде «Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды, деп хабарлады Polisia.kz.

    Базарларда және басқа жерлерде 724 жедел топ құрылды. Оның ішінде 434-і табиғатты қорғау органдарымен бірлесіп құрылды. Нәтижесінде 2,6 мыңнан астам рейд жүргізілді.

    Көрші мемлекеттердің шекаралас облыстарының аумақтарынан әкелінген қылқан жапырақты ағаштарды белгіленбеген жерлерде, сондай-ақ тиісті құжаттарсыз сату дерегін анықтау үшін елді мекендерде тексеріс жүргізілді.

    «Шырша» операциясы барысында 700-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның 12-сі – заңсыз кесу фактісі, 425-і – белгіленбеген жерлерде сату, 302-сі – жасыл желектерді ұстау және қорғау ережелерін бұзу. 4 қылмыстық іс қозғалды, — деп жазылған хабарламада.

    Мысалы, Таразда шыршаны тікелей жеке сектор аумағынан ұрлап кеткен ер адам ұсталды. Полицияға үйдің иесі арызданған. Күдікті түн жамылып, биіктігі 2 метрден асатын шыршаны ұрлаған. Осылайша, ол 200 мың теңге материалдық шығын келтірген. Ер адам Жаңа жылды тойлау үшін ұрлаған шыршасын үйіне әкелген. Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →