Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы автотұрақта бес көлік өртенді: полиция алдын ала себебін атады • Алматы облысында кроссовер жаяу жүргіншілерді қағып, қылмыстық іс қозғалды • Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын нокаутқа түсіретінін мәлімдеді • АҚШ-та ер адам бір комбинациямен 50 лотерея билетін сатып алып, 250 мың доллар ұтып алды • 20 жастағы франциялық қыз Қазақстанға бауыр басып, қазақ тілін үйреніп жүр • Канадада жасөспірім ЖИ чат-ботының кеңесімен жартасқа тап болып, құтқарылды • Астанадағы автотұрақта бес көлік өртенді: полиция алдын ала себебін атады • Алматы облысында кроссовер жаяу жүргіншілерді қағып, қылмыстық іс қозғалды • Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын нокаутқа түсіретінін мәлімдеді • АҚШ-та ер адам бір комбинациямен 50 лотерея билетін сатып алып, 250 мың доллар ұтып алды • 20 жастағы франциялық қыз Қазақстанға бауыр басып, қазақ тілін үйреніп жүр • Канадада жасөспірім ЖИ чат-ботының кеңесімен жартасқа тап болып, құтқарылды •

    Жалған шот-фактура жасаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

    Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі қаражаттарды «қолма-қол ақша түрінде шығарып берумен» және жалған шот-фактураларды жазумен айналысқан. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті аяқтады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Анықталғандай, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мекемелерге екінші деңгейлі банк шоттарынан жүйелі түрде қаражаттарды заңсыз қолма-қол ақша түрінде шығарып беріп отырған. Яғни олар өз бақылауындағы 17 коммерциялық компания арқылы 5 млрд теңгеден астам сомаға коммерциялық ұйымдарға құрылыс-монтаж жұмыстары, көлік қызметтері және халық тұтынатын тауарларды жөнелту бойынша қызмет көрсетуге жалған шот-фактуралар жазып беру арқылы мекемелердің салық төлеуден жалтаруына көмектескен.

    Қылмыстық топ ұйымдастырушылары «бір күндік фирмаларды» жақын туыстары мен таныстарының аттарына тіркеген.

    Сот үкімімен бес айыпталушы кінәлі деп танылып, 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

    «ҚМА «көлеңкелі» экономиканың үлесін азайту және адал кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты тұрақты түрде жалғастыратын болады. Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «(https://t.me/afm_insider_bot)АФМ Insider (https://t.me/afm_insider_bot)» (https://t.me/afm_insider_bot) телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі»,-делінген хабарламада.

    фото: ғаламтордан

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →