Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Димаш Құдайбергенді жанкүйер сүймек болды: Мексикадағы концерттегі тосын оқиға • Челестини: «Бернли» «Блэкбернмен» тең ойнады, бірақ соңғы 30 минутта ойынды жақсарту керек • Малик Мұқашев пара таеквондодан Әлем чемпионы атанды • Дариға Бадықова мен Олжас Абай туралы желіде пікірталас өршіді • Таразда «Мұра коды» тақырыбымен халықаралық сән фестивалі өтті • Димаш Құдайбергеннің концертінен көрініс әлеуметтік желіде талқыға түсті • Димаш Құдайбергенді жанкүйер сүймек болды: Мексикадағы концерттегі тосын оқиға • Челестини: «Бернли» «Блэкбернмен» тең ойнады, бірақ соңғы 30 минутта ойынды жақсарту керек • Малик Мұқашев пара таеквондодан Әлем чемпионы атанды • Дариға Бадықова мен Олжас Абай туралы желіде пікірталас өршіді • Таразда «Мұра коды» тақырыбымен халықаралық сән фестивалі өтті • Димаш Құдайбергеннің концертінен көрініс әлеуметтік желіде талқыға түсті •

    Арселор Миттал Теміртауда қауіпсіздік шаралары сақталмаса жұмыс тоқтатылады – ТЖМ

    Жыл басынан бері өндірісте 13 авария мен 103 оқиға тіркелген.

    Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде «Арселор Миттал Теміртау» АҚ қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі бағытындағы шаралармен танысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.-на сілтеме жасаған qazaq.today.

    «Юрий Ильин Арселор Миттал Теміртау басшылығын Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментіне шақырып, өндірістегі қауіпсіздік, жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту және оларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін талқылады. Өз кезегінде Арселор Миттал Теміртау басшылығы өндірістің барлық кезеңдерінде қауіпсіздікті жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады», — деп көрсетті министрліктің баспасөз қызметі.

    Юрий Ильин Өнекәсіптік қауіпсіздік департаментіне бизнес қауымдастыққа авариялар мен оқыс оқиғалардың санын азайту үшін қажетті әдістемелік көмек көрсетуді тапсырды. Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда, заң аясында қатаң шаралар қабылданатынын, тіпті өндірістің жұмысы тоқтатылатын ескертті.

    Сонымен қатар, сапар барысында Юрий Ильин «КӘАҚҚ» ЖШС Республикалық орталық штабында болды, онда Республикалық орталық штабының және «АМТ» АҚ көмір департаментінің басшылығымен бірге тау-кен құтқарушыларын әлеуметтік қолдау және авариялық-құтқару қызметтерініңі заманауи құралдармен, құрал-жабдықтармен және техникамен жарақтандыру жұмыстарымен танысты.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →