Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады •

    Алматылық хирургтер кемтар туған балаға күрделі ота жасады

    Бір жастағы нәрестенің анасы Алматыдағы №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасы хирургтерінің көмегіне жүгіну туралы шешім қабылдаған. Айтуынша, баланың кіндігі құрғамағандықтан төңірегіндегі терісі болбырап кеткен.

    Аурухана баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, нақты диагноз қою үшін ультрадыбыстық зерттеу мен цистография жасалды. Тексеру барысында урахустың толық жетілмей қалғаны анықталды. Салдарынан кіндік тұсында жара пайда болып, сұйықтық жиналған. Пациентке МӘМС шеңберінде жоспарлы түрде ота жасау туралы шешім қабылданды.

    «Урахус – несеп жолы, әдетте, эмбрионның даму кезеңінде ғана кездеседі. Ол қуықтың жоғарғы ұшын кіндік қанатымен жалғаушы міндетін атқарады. Негізінде урахус іштегі нәресте 5-7 айға толған кезде толық жетіліп, бітіп кетуі тиіс. Бірақ кей жағдайларда осы несеп жолы жабылмай қалады. Салдарынан іштей аномалия пайда болады. Бұл өте сирек кездесетін құбылыс. Хирургия саласында қызмет еткен 30 жылда осындай жағдайды үшінші рет кездестіріп тұрмын», — деп түсіндірді №2 ҚКБА хирургия бөлімшесі меңгерушісі Марат Қаптағаев.

    Айтуынша, мұндай кемістіктерді консервативтік жолмен емдеу дұрыс нәтиже бермейді. Сондықтан мамандар операция жасау туралы шешім қабылдаған. Ота арқылы жергілікті қабыну процесінің, кеуде қуысы абсцесі мен кистаның алдын алуға болады.

    Аурухананың М.Қаптағаев, Е.Маханов, Т.Юсупова бастаған тәжірибелі хирургтер мен анестизиологтар бригадасы күрделі отаны жарты сағатта сәтті жасап шықты. Бүгінде бала толық айығып, ауруханадан шықты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →