Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты
Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымы президенттерінің қатысуымен түркі әлемі өнер шеберлерінің концерті өтті, онда Димаш Құдайберген мен түрік әншісі Қырач өнер көрсетті.
Сурет: inbusiness.kz
Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің президенттері түркі әлемі өнер шеберлерінің концертін тамашалады. Іс-шара бағдарламасына ұйымға қатысушы мемлекеттердің таңдаулы туындылары енді. Оларды «Түркі әлемі» ансамблі мен Түркия Республикасының Президенттік симфониялық оркестрі орындады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Құрметті қонақтарға түркі мемлекеттерінің дәстүрлі билері көрсетілді. Сондай-ақ концертте танымал түрік әншісі Қырач және Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген өнер көрсетті.
