Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған •

    Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды

    Жәмилә Бақбергенова Астанадағы күрес әлем чемпионатында қола жүлде үшін белдесуде жапондық Махиро Йошитакеге 4:6 есебімен жол берді. Ол бесінші медалінен бір қадам қалғанда тоқтады.

    Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды

    Фото: Дирекция развития спорта

    Астанада өтіп жатқан күрес әлем чемпионатында қазақстандық Жәмилә Бақбергенова қола медаль үшін күресте жапондық Махиро Йошитакеге 4:6 есебімен жол берді. Бұл 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі үшінші орын үшін болған белдесу еді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бақбергенова өз елінде өткен әлем біріншілігін молдовалық Эмилия Кречунды 13:2 есебімен жеңумен бастады. Ширек финалда ол украиналық Надежда Соколовскаяны сенімді түрде 9:1 есебімен ұтты. Жартылай финалда қытайлық Ли Зэлумен кездесіп, 2:4 есебімен жеңіліс тапты да, қола жүлде үшін күресу құқығын алды.

    Осылайша, Бақбергенова әлем чемпионаттарындағы бесінші медалінен бір қадам қалғанда тоқтады. Оның қоржынында әлем біріншіліктерінің төрт жүлдесі бар: 2021 жылы Ослодағы ӘЧ-да күміс, 2022 жылы Белградтағы ӘЧ-да күміс, 2023 жылы сол Белградтағы ӘЧ-да қола және 2024 жылы Тиранадағы ӘЧ-да күміс.

    Ертең әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін Алтын Шагаева (59 кг) белдеседі. Бір күн бұрын өз елінде өткен әлем біріншілігінің қола жүлдесін Зейнеп Баянова (50 кг) жеңіп алған болатын. Нилуфар Раимова (57 кг) құрмет тұғырынан бір қадам қалғанда тоқтады.

    Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы үш қола жүлдемен бейресми медаль есебінде 12-орынды иеленді. Оларды Исхар Курбаев (55 кг), Айдос Сұлтанғали (60 кг) және Бағдат Сабаз (67 кг) еншіледі.

    Айта кетейік, күрес әлем чемпионаты Астанадағы «Барыс Аренада» 24 қазаннан 1 қарашаға дейін шамамен 100 елден келген 900-ге жуық спортшының қатысуымен өтіп жатыр. Қазақстан ересектер арасындағы әлем біріншілігін 2019 жылдан бері алғаш рет қабылдап отыр. Біздің құрама 30 спортшыдан тұратын толық құраммен өнер көрсетуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →