Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды •

    Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ

    Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатылымға шығарды. Әлеуметтік желіде баға мен сату себебі қызу талқыланып жатыр.

    Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ

    Фото: Видеодан скрин

    Қазақстандық блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын сатылымға шығарды. Ерлі-зайыпты баспанасын 224 миллион теңгеге бағалаған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Блогердің айтуынша, отбасы үлкейіп, қазіргі үй тарлық ете бастағандықтан, кеңірек баспана іздеуге шешім қабылдаған. Карина Оксукпаева үйді сататыны туралы Threads әлеуметтік желісінде хабарлады.

    «Отбасымыз айтарлықтай үлкейіп келе жатқандықтан, шұғыл түрде таунхаусымызды сатамыз!» – деп жазды блогер.

    Үйдің негізгі кеңістігінің ауданы 200 шаршы метрді құрайды. Каринаның сөзінше, таунхаусты ерлі-зайыпты өздері үшін жабдықтап, жөндеу жұмыстарына қаражат аямаған. Сатылым туралы хабарландыруда дизайнерлік жөндеу жасалғаны және жиһаздардың барлығы жаңа иесіне қалатыны көрсетілген.

    Блогер баспананың артықшылықтарының бірі ретінде оның орналасқан жерін атады. Үй бірнеше жеке мектеп пен сауда орталықтарына жақын орналасқаны айтылған. Толық жабдықталған таунхаусты блогер 224 миллион теңгеге бағалаған.

    Блогердің жазбасы Threads қолданушыларының назарын аударды. Желі қолданушылары блогердің «отбасымыз үлкейіп келе жатыр» деген сөзінен Каринаның жүкті болуы мүмкін екенін болжаған.

    Кейбір қолданушылар баспананың дизайнын жоғары бағалап, ұсынылған бағаны да орынды деп есептейтінін жазды. Тағы бір қолданушы Алматыдағы таунхаустың бағасын Астанадағы кейбір пәтерлердің құнымен салыстырды.

    «Бағасы жақсы екен! Астанада кейбір пәтерлердің өзі осынша тұрады», – делінген пікірлерде.

    Жазба астындағы пікірлерде желі қолданушылары үйдің бағасына қатысты әзілдеп, блогерлердің көршісі желіде Archibaaalt атымен танымал блогер Артур Асқарұлы туралы да қалжыңдаған. Кейбірі ерлі-зайыптының таунхаусты сату себебіне назар аударса, енді бірі бөліп төлеу мүмкіндігін сұраған.

    «Артурдан қашып барасыңдар ма?» – деп жазды қолданушылардың бірі.

    Ал Артур Асқарұлының өзі де пікір қалдырып, блогерлердің үйді сату себебіне әзілмен жауап берген:

    «Иә, иә, отбасы үлкейіп жатыр дей салыңдар. Мені әбден шаршадық деп тура айтыңдар», – деп жазды ол.

    Басқа қолданушылар да қалжыңға толы пікірлерін бөлісті. Бірі үйді сатып алу үшін «адамның қанша бүйрегі болуы керегін» сұраса, енді бірі «Kaspi Red арқылы 70 жылға бөліп төлеуге бола ма?» деп әзілдеген. Тағы бір қолданушы «224 миллион теңгені 2240 айға бөліп төлеу мүмкіндігін» сұрады.

    Сондай-ақ пікірлер арасында «Көрші Артур бонусқа беріледі», «Жалғыз кемшілігі – көршісі Артур» деген әзілдер де болды. Ал кейбірі «Қазір 4 миллион беріп, қалған 220 миллионын кейін төлеуге бола ма?» деп ұсыныс білдірген.

    Осылайша блогерлердің таунхаусты сату туралы шешімі мен баспананың бағасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →