Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Өскеменде 3 жасөспірімді көлік қағып кетті

    Өскемен қаласында көлік қаққан 3 оқушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қараша күні кешкі уақытта болған. 13-14 жас аралығындағы балалар жаттығудан шығып, үйлеріне қайтып бара жатқан.

     

    Сәтбаев көшесі мен Жібек жолы даңғылының қиылысында келе жатқан жеңіл көлік жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 3 баланы қағып кетті. Соның салдарынан түрлі дене жарақатын алған үшеуі де ауруханаға жатқызылды, — делінген ақпаратта.

     

    Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

    «Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — делінген хабарламада.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →