Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Ақмола облысында көлік қаққан екінші жұмысшы ауруханада көз жұмды • 1,2 млрд теңге шығын: Ақтөбенің жерін қазып, астындағы байлығын жинап алған кәсіпкерлердің былығы анықталды • Құрылтай делегациясы Душанбедегі Орталық Азия парламентаралық форумына қатысты • Құдай үйіндегі қылмыс: Алматыда намазханның мешіттен телефон ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды • Орталық коммуникациялар қызметінің бұрынғы модераторы Қорғаныс министірінің кеңесшісі болды • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Ақмола облысында көлік қаққан екінші жұмысшы ауруханада көз жұмды • 1,2 млрд теңге шығын: Ақтөбенің жерін қазып, астындағы байлығын жинап алған кәсіпкерлердің былығы анықталды • Құрылтай делегациясы Душанбедегі Орталық Азия парламентаралық форумына қатысты • Құдай үйіндегі қылмыс: Алматыда намазханның мешіттен телефон ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды • Орталық коммуникациялар қызметінің бұрынғы модераторы Қорғаныс министірінің кеңесшісі болды •

    Қазақстандықтарды Газа секторынан эвакуациялау басталды

    Бүгін эвакуацияның бірінші кезеңі жүзеге асырылып, нәтижесінде «Рафах» бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан Мысыр аумағына 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері өтті, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Қазақстандық дипломаттар отандастарымызға барлық қажетті консулдық-құқықтық және психологиялық көмек көрсетті. Шекарадағы рәсімдерден кейін біздің азаматтарымыз колонна құрамында жолға шықты және жақын арада Каир қаласына жетеді.

    Айта кететін жәйт, ҚР азаматтарын Газа секторынан эвакуациялау кезең-кезеңмен жүргізілуде. Осы орайда қазақстандық дипломаттар Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен қалған отандастарымызды анклавтан эвакуациялау бойынша жұмысты жалғастырады.

    Біздің барлық азаматтарымыз Газа секторынан Каирге аман-есен жеткізілгеннен кейін ҚР Үкіметі оларды елге жеткізу үшін эвакуациялық борт жолдайды.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →