Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды •

    Бишімбаевтың әйелінің туыстары мәлімдеме жасады

    Астанадағы мейрамханада адам қолынан қаза болған Салтанат Нүкенованың туыстары іс туралы айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz.

    Қылмыстық іс қозғалғалы бірнеше күн ішінде үш тергеуші ауысқаны белгілі болды. Бұл туралы марқұмның туыстары Instagram-да жазды.

    «Желіде жалған жазбалар мен пікірлердің пайда болуына байланысты «басып тастауғ» немесе жағдайды жеңілдертуге тырысып жатыр ма деген ой пайда болады. Іс қозғалғаннан бері үш тергеуші ауысты, қандай себеппен екені белгісіз, бұл күдік тудырады. Бұл ретте ескі тергеушілер жаңасының нөмірін бермейді, қоңырауларға да жауап бермейді», — деп жазады марқұмның туысы.

    Салтанат Нүкенованың туыстары әділ тергеу жүргізуді сұрады.

    «Өкінішке қарай, орны толмас қазаға қайғырудың орнына өзімізді қолға алып, өтіріктен қорғануға тура келіп отыр», — делінген жазбада.

    Марқұмның туыстары айыпталушы тарап бәрін өз пайдасына қолдана ма деп қорқатынын жеткізді.

    «Оның сау жері болмады. Бізде мәйіттің суреті мен видеосы бар, егер көрсеңіз, бұл өте қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру екеніне күмәнданбас едіңіздер. Әділ тергеу жүргізіп, сіңіліме жасалған аяусыз зорлықты ақтауға тырыспауды сұраймын», — деп жазды қыз.

    Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

    Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол — Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →