Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шикізат өзіміздікі, өңдеу шетелде: Қазақстан мыс экспортынан қанша табыс таба алады? • «Қазақмыс» Жезқазғандағы жаңа облыстық мешітті ашуға дайындап жатыр • Ырысқали Дәуренбек «Отандастар қорының» президенті болып тағайындалды • Қорғаныс министрлігін тексеру: 13 қылмыстық іс қозғалып, 5 лауазымды тұлға қамауға алынды • «Қайратқа тиісемін деп қарғыс естідім»: Айнұр Тұрсынбаева танымал әнші туралы айтты • Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ауқымды аудитті жалғастыруды тапсырды • Шикізат өзіміздікі, өңдеу шетелде: Қазақстан мыс экспортынан қанша табыс таба алады? • «Қазақмыс» Жезқазғандағы жаңа облыстық мешітті ашуға дайындап жатыр • Ырысқали Дәуренбек «Отандастар қорының» президенті болып тағайындалды • Қорғаныс министрлігін тексеру: 13 қылмыстық іс қозғалып, 5 лауазымды тұлға қамауға алынды • «Қайратқа тиісемін деп қарғыс естідім»: Айнұр Тұрсынбаева танымал әнші туралы айтты • Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ауқымды аудитті жалғастыруды тапсырды •

    Алматыда ІІ Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өтеді

    Ұлттық рухани мұрамызды ұлықтау, ана тіліміздің, аталы сөзіміздің абыройын асқақтату, сөйлеу шеберлігін дамыту бағытында Абай атындағы ҚазҰПУ-да студенттер арасында ІІ Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өтеді. Ол еліміздегі Бас педагогикалық оқу орнының 95 жылдығына орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    Бұл жолғы шешендік байқауының басты ерекшелігі, алғаш рет тақырыптар сайыс үстінде беріледі. Осылайша қатысушының ой ұшқырлығы, сөзге тапқырлығы, жан-жақтылығы, қиыннан қисынды кесім айту шеберлігі сынға түседі.

    «Демек біз шешендікті шыңдау мен сынаудың түпнұсқасына едәуір жақындадық деген сөз. Жекпе-жек түріндегі шешендік сайыс жарты сағат болады. Сондай-ақ, жастардың логикалық деңгейін анықтау мақсатындағы «жүзден жүйрік» бөлімі бар. Қатысушылар тақырыпты, жұпты, шығу ретін жеребе арқылы таңдайды. Қазылар әр сайыстан соң жеке-жеке талдау жасап, пікір, ұсыныс айтып, жәрия түрде баға береді. Бұл жағынан ең әділ байқау деуге толық негіз бар. Сайыс әрі сабақ түріндегі сөз додасын көріңіз, көп ой түйеріңіз даусыз!», -деді жоба авторы  журналист, «Ділмар» республикалық шешендік өнерді дамыту клубының президенті Жарқын Сәленұлы.

    Рухани мұрамызды ұлықтау іс-шарасына еліміздің әр өңіріндегі 14 жоғарғы оқу орынан талантты студенттер қатысып, жүлделі орындарды бөліседі. Жүлде қоры 1,5 миллион теңгені құрайды.

    «Сөз додасының бас жүлде иегері – 500 000 теңгені қанжығалайды. І орын иегеріне 300 000тг, ІІ орын алғандар 150 000тг, ІІІ орын иелеріне 70 000 тг беріледі. Ал 7 қатысушы 20 000 теңгелік арнайы сыйақыны алады. Сондай-ақ, әр қатысушыға «Атамұра» баспасынан жарық көрген классик қаламгерлердің екі кітабы (жалпы жины 28 кітап) демеушілер тарапынан сыйға беріледі», — деді «Атамұра» корпорациясының президенті, ұлт жанашыры, қоғам қайраткері Құл-Мұхаммед Рақымғали Абрарұлы.

    Ұйымдастырушы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Ұлттық тәрбие» орталығы. Сүбелі сөзден салмақты ой ұсынылар байқауға оқу орнының ректоры-басшылары, оқытушылар мен студенттер, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, аталы сөзді ардақтайтын мұғалімдер мен мектеп оқушылары қатысады. Байқау 9-қарашада университеттің бас ғимаратында басталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →