Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді • Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі тоқтатылды • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді • Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі тоқтатылды •

    Астанадағы жаңа дүкен ашылуында фуршет үстелі сынып, қонақтар арасында қарбалас туды

    Астанада жаңа дүкен ашылуында фуршет үстелі сынып, қонақтар арасында қарбалас туды. Ұйымдастырушылар жағдайға түсінік беріп, видеоның өшірілгенін мәлімдеді.

    Астанадағы жаңа дүкен ашылуында фуршет үстелі сынып, қонақтар арасында қарбалас туды

    Астанада жаңа дүкеннің ашылу салтанатында келушілер фуршет үстелінің басында итерушілік пен қарбалас тудырды. Әлеуметтік желіде тараған видеода адамдардың лек-легімен тағамдарды жапыра тартып, ақырында үстелдің бір жағына қарай сынып, құлап қалғанын көруге болады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Іс-шараға қызмет көрсеткен компания өкілдері бұл жағдайға қатысты түсінік берді. Олардың айтуынша, бұл әр түрлі елдерден келген шақырылған қонақтарға арналған ресми фуршет болған. Ешқандай тегін тарату көзделмеген, ал ресми ашылудан кейін қонақтар тек дегустацияға келуі тиіс болатын.

    Алайда бәрі жоспар бойынша жүрмеген: адамдар дәмді тағамдарды өз бетінше белсенді түрде ала бастаған.

    «Біз көшеде мұндай іс-шараларды бірінші рет өткізіп тұрған жоқпыз, бірақ фуршет үстелінің сынуы бірінші рет болып отыр. Өзімізге де бұл өте жағымсыз тиді», – деп мәлімдеді ұйымдастырушылар.

    Сондай-ақ олар мұндай видеоны жұртшылық сырттай қандай көрінетінін түсіну үшін жариялағанын, кейіннен ролик әлеуметтік желілерден өшірілгенін жеткізді. Ұйымдастырушылар бөгде адамдардың әрекеті үшін жауап бере алмайтындарын атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →