Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың сал ауруына шалдыққан інісімен түскен суреті тарады

    Желіде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мүгедектер арбасында отырған інісі Болат Назарбаевпен бірге түскен суреті тарады. Суреттің қайда және қашан түсірілгені белгісіз, бірақ бұл жаңалық Болат Назарбаевтың ауруханаға түсіп қалғаны айтылғаннан кейін пайда болды.

    Естеріңізге сала кетейік, кіші Назарбаевты жақында Алматының Орталық клиникалық ауруханасына кешке уақытта миокард инфарктісі қайталанды деген күдікпен жеткізген болатын. Аурухана Orda.kz тілшісіне Болат Назарбаевтың ауруханаға жатқызылғанын растады, бірақ дәрігерлер оның жағдайы туралы түсініктеме беруден бас тартты.

    Сонымен қатар, желі қолданушылары өздерінің дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, экс-президенттің інісінің жағдайы тұрақсыз деп бағаланғанын және оның өмір мен өлімнің алдында тұрғанын хабарлайды.

    Тұңғыш президенттің бауырының жағдайы туралы қауесет баяғыда тараған, Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны және жасырын жерлеу жоспарланғаны туралы да ақпарат болған. Бірақ әр жолы Назарбаевтың айналасындағылар ол ақпараттарды жоққа шығарды. Orda.kz порталының дереккөзі Болат Назарбаев Алматы, Германия және Израиль клиникаларында көптеген ота жасатқанын хабарлады.

    Дереккөз: halyq-uni.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →