Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Жамбыл облысында есірткі тасымалдаумен айналысқан топ ұсталды

    Жамбыл облысында басқа өңірлерге есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni -не сілтеме жасап. 

    Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 22 қазанда Жамбыл облысының ПД қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысының аумағында Байзақ ауданының 33 жастағы тұрғынының басқаруындағы Алматыдан Ақтөбеге бағыт алып бара жатқан SCANIA R480 жүк көлігі тоқтатылған. Тінту барысында көліктен 4 қорап табылып, тәркіленді. Оның ішінде жалпы салмағы 5 келіге жуық марихуана болған.

    Сол күні Байзақ ауданының тағы 3 тұрғыны есірткімен ұсталды. Олардың тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шаралары кезінде марихуана мен гашиш салынған 9 қап табылып, тәркіленді. Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 140 келіден асады. Бұл аса ірі көлемге жатады.

     

    Қылмыстық топқа қатысты ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Ұсталған азаматтар Тараз қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →