Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Қуантыров Инвестициялық қордың төмен бағамен сатылып кеткенін мойындады

    Мәжіліс кулуарында БАӨ өкілдері министрден инвестициялық қорды қайтару туралы шешім неліктен қабылданғанын сұрады.

     

    «Егер қателеспесем, сату кезінде сома төмендетілген болуы мүмкін. Соңғы бенефициар есімде жоқ, өйткені монополиясыздандыру бойынша көптеген мәселелер бар. Бәрін есімде сақтай алмаймын», — деді ол.

     

    Бұған дейін қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов сату кезінде қордың базалық құны 20-25 млрд теңгені құрағанын, бірақ оны 10,6 млрд теңгеге сатқанын айтқан болатын.

    Айта кетейік, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ активі –  «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамының сатылуы қоғамда біраз дау туғызды. Бірқатар БАҚ-та жүргізілген мәміле туралы ақпарат пайда болды. Нақтырақ айтқанда, мемлекет қорды 3 есе арзанға сатқаны айтылды.

    Инвестициялық қорды сатып алушы – «D-Personnel» ЖШС. Ашық дереккөздер мәліметінше, компания Түркістанда тіркелген, жетекшісі – Ильмурат Мәжитұлы Ахметов. Ұйым 2017 жылы мемлекетке 5 миллион теңгеден астам салық төлеген, бірақ ешқашан қосымша құн салығын төлемеген.

    2020 жылы Қазақстанның инвестициялық қоры аудит рәсімінен өтіп, жақсы көрсеткіштер көрсетті. Қор шоттарында 13,7 млрд теңге, тағы 4, 7 млрд теңге бағалы қағаздарда және 12 млрд теңге ұзақ мерзімді активтер тіркелген.

    Анықталған кемшіліктердің бірі – ҚДБ алдында іске асырылмаған шыны зауыты үшін 17 млрд теңге кепілдігі, бұл жағдайға қатысты жанжалдан кейін бұрынғы министр және «Бәйтерек» холдингінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев түрмеге түскен еді.

    Дереккөз: ulysmedia.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →