Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    «Ғылымға бөлінген 55 млн теңге ұрланған» — БҚО университеті қызметкерлері тексерілуде

    БҚО-да Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлерінің қаражат жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz— ке сілтеме жасап. 

    Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлім етті.

    Оның айтуынша, Ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуы тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін аталған университетке 55 млн теңге бөлген.

    Зерттеу нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланып, содан кейін патенттелуі керек еді. Алайда университет ғылыми зерттеу жұмыстарын формальды жүргізген және патент алмаған. Бұған қарамастан атқарылған жұмыстар туралы жалған акті жасалып, бөлінген қаражат ұрланған.

    Прокуратураның тапсырмасы бойынша қылмыстық істі Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеуде.

    Айта кетейік, бұдан бұрын М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының оқытушылары мен қызметкерлері ел президентіне, үкімет басшысына, Парламент мәжілісінің спикеріне және көлік министріне ЖОО-ны мемлекетке қайтару туралы өтінішпен жүгінген.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →