Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық ғылым академиясы 80 жылдығын атап өтті: Тоқаевтың құттықтауы оқылды • Тоқаев Камбоджаның ұзақмерзімді стратегиясын қолдайтынын мәлімдеді • Хун Манет Қазақстанмен энергетика мен электронды үкіметтегі ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті • Ақордада Камбоджа премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті • Астанада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара өтеді • Кентауда зауыт сорғы станциясында өрт шығып, толық сөндірілді • Ұлттық ғылым академиясы 80 жылдығын атап өтті: Тоқаевтың құттықтауы оқылды • Тоқаев Камбоджаның ұзақмерзімді стратегиясын қолдайтынын мәлімдеді • Хун Манет Қазақстанмен энергетика мен электронды үкіметтегі ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті • Ақордада Камбоджа премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті • Астанада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара өтеді • Кентауда зауыт сорғы станциясында өрт шығып, толық сөндірілді •

    Алматыда такси жүргізушілерін алдап-соққан ер адам ұсталды

    Алматыда такси жүргізушілерін алдап, телефондарын иемденіп алған күдікті ұсталды. Полицейлер бірқатар алаяқтық жасаған Алматы облысының 33 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

    Тәртіп сақшыларының айтуынша, А. есімді азамат клиент ретінде таксиге отырған. Мекенжайға жеткеннен кейін ол жүргізушіден қоңырау шалу үшін телефонын сұрап алып, содан соң қашып кеткен. Қаскөй бөтеннің телефондарын сатып, түскен ақшаны өзіне жұмсаған.

    «Жедел-іздестіру шаралары барысында 33 жастағы күдікті ұсталды. Ол жасаған қылмыс тізбегі қаланың бес ауданын қамтиды. Олардың негізінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық істер тіркелді. Қаскөй қамауға алынды. Алданған адамдардың көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

    Осыған байланысты азаматтардан күдіктіні таныған жағдайда мына телефондарға хабарласу сұралады: 8-705-555-77-63; 8-775-747-77-78 және 8-778-591-91-35.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →