Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Іле-Алатау ұлттық паркінде әлдекімдер орманшыны өлімші етіп сабап кеткен

    Бет-аузының сау-тамтығы қалмаған орманшыға жабық ми жарақаты диагнозы қойылған, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    Әлеуметтік желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға 29 қыркүйекте болған. Жазбада зардап шеккен орманшының әпкесінің хабарламасы келтірілген.

    «Менің інім аумақты кешкі тексеруден дейін жаяу келе жатқан. Сол кезде қара түсті көліктің шлагбаумды бұзып жатқанын көреді. Інім оларға жақындап, мән-жайды сұрайды. Оның үстінде ұлттық парктің логотипі бар арнайы киім болды. Қолында инспектордың куәлігі болған. Көліктегі төрт адамның бірі оған жақындап,  төбелесе бастаған. Кейіннен ағаш тоқпақпен соққыға жыққан», — деп жазады орманшының әпкесі.

     

    Оның айтуынша, орманшы есінен танып қалған, ал есін жиғанда айналасында тас қараңғы болған.

     

    «Есін жиған соң бізге келді. Денесінің бәрі қан. Құлағынан қан атқылады. Құса бастады. Полицейлер келіп, арыз алып, іздерін қарап, киімдерін алып кетті», — деді жәбірленушінің әпкесі.

     

    Полиция бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ.

    Айта кетейік, бұдан бұрын қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі салдарынан қаза тапқан орманшылардың отбасына өтемақы төленетіні хабарланған.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →