Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Алматыдағы жеке мектепте бүлдіршінге зорлық көрсетілген

    Алматыдағы жеке мектептің 1-сынып оқушысы зорлық көрді деген ақпарат тарады. Бұл туралы баланың ата-анасы қоғам белсендісіне жазған. Сұмдық оқиға желіде қызу талқылануда. Оқиға әжетханада болған көрінеді. Бостандық ауданындағы жеке мектепте 67 камера бар. Білім ордасының директоры сұмдық жағдай туралы тәртіп сақшылары келгенде ғана білген, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

    «Бұндай ауыр жағдай бізді қатты қынжылтады, біз баланы барынша қорғап қалғымыз келеді. Бізге полициядан арыз түскенде ғана бұл жағдай туралы білдік. Біздің мектептің 1 сынып оқушысына қатысты зорлық әрекеттері болды деген күдік бар деп келді. Мектебімізде бейнекамералар өте көп, біз тергеуге барынша атсалысып көмек көрсетіп жатырмыз. Ата-анармен ашық сөйлестік. Қолдау көрсетуге дайынбыз», -дейді мектеп директоры Ирина Логинова.

    Құқық қорғау органдары тергеуді бастап кетті. Сараптама тағайындалды.

     «Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөліміне аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни таратып айтатын болсақ қылмыстық кодекстінің 121-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот медициналық сараптама тағайындалды», — дейді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →