Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматы облысында әйелді екі баласымен бірге өлтірген күдікті ұсталды

    Алматыда әйел мен оның кәмелетке толмаған екі баласын өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 1982 жылғы Алматы қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды.

    «Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Екі немесе одан да көп адамды өлтіру) және 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

    Ұсталған адам аудандық полиция УҰИ-ға қамауға алынды.

    «Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйекте сағат 23:24 шамасында Алматы облысы Іле аудандық ПБ-ға Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінен К. есімді тұрғын мен оның екі кәмелетке толмаған баласының денелері табылғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Күдікті қылмысты жасыру мақсатында үйді өртеп жіберген», — деп толықтырды Әленов.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →