Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді • Қонаевта құтқарушылар пәтерде жалғыз қалған баланы аман алып қалды • Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді • Қонаевта құтқарушылар пәтерде жалғыз қалған баланы аман алып қалды • Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді •

    СІМ Тайландта италиялық кәсіпкерді азаптап, тонаған отандасымыз туралы мәлімдеме жасады

    ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан азаматтарының Тайландта италиялық кәсіпкерді азаптағаны және тонағаны жөніндегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

    Министрлік өкілі бұл ақпараттан хабардар екенін, бірақ ведомствоға Тайландтан ресми ақпарат келмегенін мәлім етті. Ол шетелдік БАҚ-та жарияланған бұл ақпаратқа түсініктеме беруге құқығы жоқ екенін атап өтті.

    «Бұл оқиға жөнінде тайландтық БАҚ-тан оқыдыңыздар. Мен сіздерге ресми өкіл ретінде айтайын: біз бұл ақпаратты Тайланд билігінен ресми түрде алған жоқпыз. Ал қалғаны қауесет қана», – деді Айбек Смадияров

    Оның айтуынша, министрлік тергеу жүргізбейді және құқық қорғау органдарының жұмысын атқармайды.

    «Біз азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерінің, тіпті олар қылмыскер болса да, бұзылмауын қамтамасыз етуге міндеттелетін сыртқы саясат ведомствосымыз», – деп еске салды СІМ өкілі.

    Еске салайық, бұдан бұрын үш қазақстандық ресейлік MMA балуаны Хусейн Асхабовпен және оның егіз інісімен сөз байласып, италиялық кәсіпкерді ұрлап, азаптап, тонаған деген күдікке ілінгені хабарланған.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →