Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қонаевта құтқарушылар пәтерде жалғыз қалған баланы аман алып қалды • Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды • Қонаевта құтқарушылар пәтерде жалғыз қалған баланы аман алып қалды • Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды •

    Мектептегі әлімжеттік: Алматы облысында оқушы өз-өзіне қол жұмсамақ болды

    Алматы облысында қорлық көрген оқушы суицид жасамақ болды. 10-шы қыркүйек күні Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы №29 мектеп оқушысы өзін өзі өлтіруге бекінген. Ол көп дәрі ішіп алған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. 

    Облыстық білім басқармасының мәліметінше, арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар қажетті талдау, зерттеуді жүргізеді. Сонымен қоса барлық мектептерде профилактикалық жұмыс қолға алынды.

    «Біздің мақсат — оқушыларға қауіпсіз әрі ыңғайлы орта құрып, сапалы білім беру», — деп жазды басқарма.

    Қазіргі таңда оқушының жағдайы қалыпты. Бүгін сабаққа қатысқан. Онымен мектеп мұғалімдері, психологтар, мейірбике жұмыс жасап жатыр.

    «Егер қандай да мәселе, қиындық туындаса, біздің мамандар әрдайым көмек көрсетуге дайын», — делінген хабарламада.

    Аталған жағдай бойынша аудандық ПБ қылмыстық іс қозғады.

    «11 қыркүйек күні Талғар аудандық ПБ 1992 жылы туған азаматша арызбен жүгінді. Оның 2013 жылы туған баласы шамадан тыс мөлшерде дәрі ішіп, уланған. ҚР ҚК 105 бабының 3 тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Анықтау барысында бала үйінде оншақты ацетилсалицил кислотасын ішкен»,- деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

    Ал ата-аналардың сөзінше, оқушы мектепте өзге балалардан қорлық көріп, таяқ жеген соң осындай қадамға барған.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →