Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Вьетнамда Ұлттық мереке күндері 76 адам көз жұмған

    Вьетнамда Ұлттық мереке күндері 76 адам қаза тапты. Адамның қазасы жол-көлік оқиғасынан болған. Ұлттық мереке аталып өткен төрт күнде елде 125 жол-көлік оқиғасы болып, соның кесірінен 95 адам жарақат алған. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

    Мереке 1-4 қыркүйек аралығында аталып өткен. Вьетнам Жол полициясының мәліметінше, жол-көлік оқиғалары негізінен автомобиль және темір жолдарда болған.

    Биыл былтырғы жылмен салыстырғанда елде жол-көлік оқиғасы көбейген. Вьетнамда өткен жылы 11 400-ден астам жол апаты болып, соның салдарынан 6 384 адам көз жұмған. 7 800-ден астам адам жарақат алған.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →