Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Елорда тұрғыны екі баласымен 10-қабаттан секірмек болған

    Астанада балаларымен бірге көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетпек болған әйел құтқарылды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    ІІМ мәліметінше, 9-шы қабаттағы пәтердің терезесінен екі баласымен әйелдің секірейін деп жатқанын естіген автопатруль оқиға орнына аттанды.

     

    “Бірінші болып №26 учаскелік полиция пунктінің полиция бөлімшесінің аға инспекторы Асқар Папышев өзінің серіктесі Елдос Нұғмановпен бірге жетті. Олар аудан тұрғындарымен жиын өткізіп жатқан болатын. 9-шы қабатқа көтерілген полицейлер үлкен баланың әкесімен бірге тұрғанын көрді”, – делінген полиция хабарламасында.

     

    Ал кіші баласын әйел өзі ұстап тұрып, оған біреу жақындаса, секіретінін айтып айқайлаған. Тәртіп сақшыларының бірі әйелді сөзге тартып, мұндай қадамға бармауын өтініп жатқанда, екінші полицей формасын азаматтық киімге ауыстырып, сосын пәтерге кіріп, байқамай жақындап, бір қолымен баланың қолынан, екінші қолымен анасын мықтап ұстап алып, бөлмеге қарай тартып кіргізді.

    24 жастағы әйелдің отбасылық жанжалдан кейін осындай әрекетке бел буғаны белгілі болды. Оның күйеуіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігі «Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

    Отбасы ерекше бақылауға алынды. Әйел балаларымен бірге Астана қаласының дағдарыс орталығына орналастырылды. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, психологиялық көмек көрсетілді.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →