Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан

    Қарағандыда аялдама жанынан мәйіт табылған

    Қарағандыда 10 тамызда кешке аялдамадан ер адамның денесі табылды. Облыстық полиция департаменті Zakon.kz-ға ер адамның өлімінің мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

    «Бүгін кешке біздің оқырман Қарағандыдағы «Көк тоған» аялдамасында ер адамды найзағай соғып, мерт қылғаны туралы хабарлады. Оқырман Майқұдық ықшам ауданының полицейлері марқұмның туыстарын іздестіріп жатқанын айтады. Жігіттің жанында телефоны болған, бірақ ол қосылмай қойған, өйткені найзағай смартфонға зақым келтірген. Біз барлық мәліметтерді анықтайтын боламыз», — делінген Instagram-дағы Denski_blog public парақшасында.

    Облыстық полиция департаменті Zakon.kz-ке адам денесін табу фактісін растап, бірақ ер адамның өлімінің себебін түсіндірмеді.

    «Көшеден ер адамның денесін табу фактісін полиция тіркеді. 1977 жылғы ер адамның жеке басы анықталды, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалдып, мән-жайлар анықталу үстінде», — делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің жауабында.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →