Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 24 шілде 2026 $ 467,3 534,0 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ақ сәулем» әні: 70-жылдардан YouTube дәуіріне дейінгі хит Грузияда жаппай электр қуаты өшіп, қалпына келтіру басталды Нұрай Серікбайді өлтіру ісі: Шерхан Аймахан алғаш рет сот алдына келді Жасұлан Базарбаев қыз туған аналарды кінәлауды доғаруға шақырды Қарағандыда супермаркеттегі оқиға: 16 адам полицияға жеткізілді Астанада өзін әскерде зорланған деп жалған таратып, алаяқтық жасаған азамат 3 жылға бас бостандығынан айырылды «Ақ сәулем» әні: 70-жылдардан YouTube дәуіріне дейінгі хит Грузияда жаппай электр қуаты өшіп, қалпына келтіру басталды Нұрай Серікбайді өлтіру ісі: Шерхан Аймахан алғаш рет сот алдына келді Жасұлан Базарбаев қыз туған аналарды кінәлауды доғаруға шақырды Қарағандыда супермаркеттегі оқиға: 16 адам полицияға жеткізілді Астанада өзін әскерде зорланған деп жалған таратып, алаяқтық жасаған азамат 3 жылға бас бостандығынан айырылды

    «Мемлекеттік тілде хабар таратпаған» — Қырғызстан екі телеарнаға айыппұл салды

    Қырғызстанның Мәдениет министрлігі қырғыз тілінде хабар тарату нормасын сақтамағаны үшін екі телеарнаға айыппұл салды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq-uni-не сілтеме жасап.

    Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрлік жарты жыл ішінде 7 телеарнаны, яғни «312 Музыка», «НТС» (Жаша), «Кью спорт» (Q-Sport Arena), «Бакайнур-Мега» (Next TV), «Тумар ТВ», «312 КИНО» және «312 ТВ» арналарын тексерген.

    «312 KINO» және «312 ТВ» телеарналары Қырғыз Республикасының «Телевизия және радио хабарларын тарату туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағын сақтамаған. Онда хабардың кемінде 50%-ы, оның ішінде сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін және 18:00-ден 23:00-ге дейін мемлекеттік тілде болуы керек делінген.

    Бұл телеарналардың әрқайсысына 23 мың сомнан (116,7 мың теңге) айыппұл салынды.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →